“Мектеп жанындағы шағын орталығы бар Злиха Тамшыбай орта мектебі” коммуналдық мемлекеттік мекемесінде атқарылған іс-шаралар ақпараты
“Мектеп жанындағы шағын орталығы бар Злиха Тамшыбай орта мектебі” коммуналдық мемлекеттік мекемесінде атқарылған іс-шаралар ақпараты
2.1
Біздің еліміз «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» заңды 1998 жылы қабылдады.Қазақстандық заңнамалар базасын алғашқылардың бірі болып толықтырған бұл құжатта сыбайластықты болдырмаудың тетігі жасалған. Алайда, заң кеселдің себебінен гөрі салдарымен күреске негізделгендіктен айтарлықтай нәтиже бере қоймайды.соған орай, заман талабы,азаматтардың ұсыныс,лебізі ескеріле отырып 2015 жылы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заң қолданысқа енгізілді.Бұл заң мемлекеттің ілгерлеуіне кедергі келтіретін кемшіліктердің алдын алумен құнды. Соған байланысты әртүрлі мақсатты топтар деңгейінде ақпараттық жұмыс жүргізу бойынша 22 пунктті орындау мақсатында «Мектеп жанындағы шағын орталығы бар Злиха Тамшыбай орта мектебі»коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ата-аналары арасында жадынама әзірленіп мектеп ұжымына түсіндірме жұмыстары жүргізіліп таратылды.
https://www.instagram.com/p/DGN3tcFKKWd/?igsh=eGgxMHk1ZTd5Yzhk
18 қазан күні 8-10 сынып оқушылар арасында «Бала тәрбиесі- басты құндылық» бойынша «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ!» тақырыбында пікірталас өтті. Мақсаты: Оқушыларға «Адалдық, тазалық» қасиет туралы түсініктерін кеңейту. Адал азамат болу үшін, жасаған жұмысыңды адал еңбекпен жасасаң , тапқан табысың да адал жолмен келетіні туралы мағлұмат беру.
«Адалдық өтемі» бейнеролик арқылы сабақ тақырыбы ашылды.
==
2.3
2025 жылдың 22 қаңтар күні Көксу АПБ ЖПҚБ ЮПТ УПИ полиция капитаны А. Тасболатова, УПИ полиция лейтенанты Ж.Ноғайбай, ӘЗЗҚТ инспекторы полиция капитаны А.Мықтыбекова 7-11 сынып оқушылары арасында құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында «Буллинг, кибербуллинг», «Нашақорлықтың, зорлық-зомбылықтың алдын алу», «Бопсалау және қорқытып алу» тақырыптарында және ҚР ӘҚБтК-нің 127, 434, 435, 440, 441, 437, 442, 615- баптары бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Аталған шараға 31 оқушы, 7 мұғалім қатысты. Кездесу барысында оқушылар сұрақтарын қойып, толықтай жауаптарын алды.
Көксу АІІБ-нің ЖПҚБ кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі учаскелік полиция инспекторы полиция капитаны А.Т.Тасболатова.
https://www.instagram.com/p/DCn-PnrqXLF/?igsh=MTZqbGFhbDVjNmNlbA==
Сыбайлас жемқорлық - заманмен бірге өсіп-өркендеп, небіртегеурінді қарсылықтарға төтеп беріп, қайда мол қаражат, пайда болса, сол жерге тамыр жайып, бүгінге дейін жойылмай отырған қауіпті кеселдің бірі.
Тарихи тереңнен бастау алған сыбайлас жемқорлық бүгінде бүкіл әлем қоғамдастығына қауіп төндіріп отыр. Біздің республикамызда да бұл мәселеге қарсы күрес шаралары тәуелсіздік алған сәттен бастап мемлекеттің бірінші кезектегі міндетіне айналды.
Осыған байланысты мектебімізде оқушылар арасында «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ» атты пікір сайыс өтті
https://www.instagram.com/p/DGN29PTK-th/?igsh=dnI0aWx1cWF1cHEx .
Ақпараттық бұрыштың мақсаты: Жемқорлықтың пайда болу себептерін және қоғамға келтірілген зиянды түсіндіру арқылы сыбайлас жемқорлыққа теріс көзқарасты қалыптастыру, Ар-намыс пен адалдықтың, беделдің және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің маңыздылығын сезіну
Ақпараттық бұрышқа Қазақстандағы сыбайлас жемқорлық деңгейі, сыбайлас жемқорлықтың салдары, сыбайлас жемқорлықтың қоғам өмірінің түрлі салаларына тигізетін кері әсері туралы айтылған басылым беттеріңдегі материалдар, заңдар ҚР жәңе әдебиеттер қойылды.
3.1
Әртүрлі мақсатты топтар деңгейінде ақпараттық жұмыс жүргізу жоспарына сәйкес және 32 пунктті орындау мақсатында «Мектеп жанындағы шағын орталығы бар З.Тамшыбай орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемасінің 5-7-сыныптар арасында «Жастар жемқорлыққа қарсы» тақырыбында мектепішілік сурет байқауы және 8-11-сыныптар арасында «Жастар жемқорлыққа қарсы» тақырыбында мектепішілік эссе байқауы өткізілді.
Мақсаты: Елімізде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша мақсаттында келешек ұрпақты қоғамдағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру.
3.3
1-4 сынып оқушыларының қатысуымен «Қалдық заттарға екінші өмір сыйла» тақырыбында ұйымдастырылған қолөнер шеберханасы көрмесі өтті.
Мақсаты: Табиғи және тұрмыстық қалдық заттарды тастамауға, керісінше олардан пайдалы заттар жасауға дағдыландыру. Қоршаған ортаны ластамауға, табиғатты аялап күтуге тәрбиелеу.
Оқушылар белсене қатысып, түрлі пластикалық, картон т.б тұрмыстық қалдықтардан заттар жасап шығып, оларға екінші өмір сыйлады. Көрмеге тұрмыстық заттардан жасалған түрлі ыдыстар, әшекей бұйымдар, ойыншықтар қойылды.
https://www.instagram.com/p/C5lPzfZCByS/?igsh=MW5jYnExOWpremdwaQ==
4.1
Адал ұрпақ еріктілер клубы мүшелерінің қатысуымен жүргізілген "Сыбайлас жемқорлық-індет, оны жою-міндет!" тақырыбында жүргізілген түсіндіру жұмыстарынан көрініс.
Жастар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу" тақырыбындағы құқық апталығының жоспарына сәйкес 14 қаңтар 7"А", 7"Ә" сынып жетекшілері Г.А Бабатаева мен С.Мерзетбекова.
https://www.instagram.com/reel/DEzZ4HWKBFz/?igsh=N2l0NHM2bGV1eWt4
Мектеп директоры Г.Садырбаева