Оқушыларға бекітілген ас мәзірі бойынша тамақтың берілуін және санитарлық - гигиеналық талаптардың орындалуын бақылау туралы. » Жетісу облысы,Көксу ауданы,"Мектеп жанындағы шағын орталығы бар Злиха Тамшыбай атындағы орта мектебі"коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
Жетісу облысы Білім басқармасының Көксу ауданы бойынша білім бөлімі
"Мектеп жанындағы шағын орталығы бар Злиха Тамшыбай атындағы орта мектебі"КММ
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72774) 8-38-26-4-29
Есепші бөлімі:
+7(72774) 26-4-29
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Оқушыларға бекітілген ас мәзірі бойынша тамақтың берілуін және санитарлық - гигиеналық талаптардың орындалуын бақылау туралы.
25
ноябрь
2022

Оқушыларға бекітілген ас мәзірі бойынша тамақтың берілуін және санитарлық - гигиеналық талаптардың орындалуын бақылау туралы.

Оқу жылының басында оқушылардың ыстық тамақпен қамтылуын ұйымдастыру туралы бұйрық шығарылған, мұнда тегін ыстық тамақ алуға құқығы бар оқушылардың тізімі бекітілген. Көп балалы және әлеуметтік жағдайы төмен топтарға жатқызылатын оқушылар санаттары ата-аналар тапсырған құжаттарға сәйкес анықталды.

Мектепте барлық оқушыларды ыстық тамақпен қамтуға барлық жағдай жасалған. Әкімшілік пен медбикенің айрықша бақылауымен Жалпыға бірдей білім беру қоры есебінен тегін тамақтануға құқығы бар отбасы балалары тамақтандырылады.  Бастауыш сыныптарда тегін тамақтандырумен қамтыған оқу саны 16, ал орта буын және жоғары сыныптарда -26 оқушы. Бір реттік ыстық тамақ құны 500 теңгені құрайды.

Мектеп медбикесі жеткізілетін өнімдерді қадағалайды, олардың өңдеу мен пайдалануға дайындау барысында жедел бақылау жүргізеді, сонымен қатар шығарылатын өнім сапасын қабылдау кезінде бақылау қамтамасыз етіледі.

Күн сайын жеткізілген өнімдердің, дайындалған тағамдардың сапасы тексеріліп, асхана жұмыскерлерінің денсаулығын бақылау журналы жүргізілген. Жеткізілген шикі және дайын өнімдерді бақылау және оларды сақтау шарттары мен жарамдылық мерзіміне сәйкес пайдалану бақылауға алынған. 

Мектепте екі бракераж журналы жүргізіледі: шикі өнім бракеражы және дайын өнім бракеражы. Бұдан басқа комиссия тамақтандыру кәсіпорны мен мектеп асханасы арасындағы белсенді байланыстырушы рөлінде болады. Бракераж комиссиясы жұмысындағы міндеттерінің бірі тамақтануды санитария мен гигиенаның барлық нормаларын орындай отырып ұйымдастырылады, сонымен қатар, оқушыларды тамақтандыруға қойылатын талаптарды сақтау болып табылады. Бракераж комиссиясы мектеп әкімшілігімен байланыста болып отырады. Комиссия жұмысының міндеттеріне салауатты өмір салтын насихаттау, технологиялық құрылғылардың дұрыс жұмысын қадағалау да жатады.

Асхананың жағдайы мен дайындалған өнімдер сапасын, техникалық құрылғылардың жағдайын СанПИН нормаларына сәйкес тексеру жұмыстары ата-аналар комитетінің және оқушылардың тамақтануын ұйымдастыру мен оның сапасын бақылау комиссиясы күшімен жүзеге асырылған.

Оқушыларды тамақтандыру  белгіленген кестеге сәйкес жүргізіледі. Барлық сынып жетекшілері оқушыларды асханаға алып барады және тамақтану кезіндегі оқушылардың тәртібін қадағалайды.

Тамақтану блогы түрі – асхана.

Отыратын орындар саны 60 орын.

Тамақтану блогының санитарлық-техникалық жағдайы санитарлық талаптарды қанағаттандырады. Күн сайын асхана жиналып, сенбі күндері санитарлық күн болады. Тағамдарды сақтау да санитарлық нормаларға сәйкес жүзеге асырылады. Қауіпсіздік техникасы ережелері сақталады, жұмыскерлермен тұрақты түрде қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқамалар жүргізіледі.

Мектептің асханасында тағамдарды дұрыс сақтауға баса назар аударылады. Мектепте  әр  түрлі тағам өнімдерін дұрыс сақтауға арналған тоңазытқыштар бар.

Тамақтану блогындағы жұмыскерлердің арнайы жұмыс киімдерін киюі міндетті болып табылады. Бұл қажетті санитарлық-гигиеналық нормаларды сақтауға мүмкіндік береді. Мектептегі ауыз су режимін ұйымдастыру да аса маңызды мәселелердің бірі. Мектеп асханасы толықтай қажетті ыдыс-аяқпен жабдықталған. Оның тазалығына баса назар аударылады. Жуу мен залалсыздандыру барлық санитарлық-гигиеналық нормаларды сақтай отырып жүргізіледі, ең жақсы залалсыздандыру құралдары пайдаланылады. Мектептегі жұмыс жасаған уақыт ішінде асхананың кінәсінен асқазан-ішек жұқпасымен ауыру жағдайлары болған жоқ. Асханаға кіреберісте оқушылардың қолын жууға арналған арнайы орын бар.

Дайындалған тағамдардың сыртқы түріне баса назар аударылады, сол себепті асхананың аспазшылары оған аса мән береді. Асханада үй жағдайындай жайлылық пен жылу сезінуге болады. Осылардың барлығы тамақтануға қосымша қолайлы жағдай жасайды.


Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив