"Мектеп тарихы" » Жетісу облысы,Көксу ауданы,"Мектеп жанындағы шағын орталығы бар Злиха Тамшыбай атындағы орта мектебі"коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
Жетісу облысы Білім басқармасының Көксу ауданы бойынша білім бөлімі
"Мектеп жанындағы шағын орталығы бар Злиха Тамшыбай атындағы орта мектебі"КММ
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72774) 8-38-26-4-29
Есепші бөлімі:
+7(72774) 26-4-29
Нашар көрушілер
нұсқасы
09
сентябрь
2020

"Мектеп тарихы"

Мектеп жанында шағын орталығы бар Злиха Тамшыбай атындағы  орта мектептің тарихы


1920 жылы Қаратал ауданы бойынша (Қазіргі Көксу ауданы) жалғыз бастауыш мектеп ашылды. Ол Нүрке атындағы бастауыш мектеп болып құрылды.Мектептің тұрған жері Молотов деп аталған, онда 150 бала оқыған.

1922 жылы мектеп директоры   А.Сатаевтың оқытқан оқушысы

 Әбдіғали Жұматаев болды. 

1940 жылы бұл мектеп «Молотов» мектебі болып аталып, 

1943-1949 жыл аралығында оны Кан Ман Бон басқарды. 

1949 жылы бастауышмектеп жеті жылдық  «Большевик» мектебі болып аталып, оны Д.П.Цой басқарды. Ол кезде оқушының саны 180-ге

дейін өсті. 

1950-1960 жыл аралығында мектеп директоры болып соғыс ардагері, математика пәнінің мұғалімі Бақбергенов Қыстаубай қызмет атқарды.

1960 жылы сегіз жылдық мектеп Амангелді атындағы орта мектеп болып аталды. 

1944 жылдан осы мектепте мұғалім болып қызмет атқарған Т.Қанапиянов 1960 жылдан бастап директорлық қызметке ауысты. Сол жылдары мектепте 250 балаға 20 мұғалім дәріс берді.

1966-1967 жылдары сегіз жылдық мектеп орта мектеп болып ауысып, мектептің техникалық базасы жақсартылып, мұғалімдердің саны отызға дейін өсті. Пән мұғалімдері жоғары оқу орындарына түсіп, білім ала бастады. 

1974 жылы  мектеп ғимараты жаңадан салынып, қолданысқа берілді. Жаңадан салынған ғимараттың сыртқы шаршы метрі - 39463,75, ғимараттың іші  – 3022,5   шаршы метр құрайды. Мектеп З.Тамшыбай  ауылында Толқынбеков көшесінде орналасқан. 

 1980 жылы Т.М.Шағылбаева, 

1981 жылы И.Оразбеков, 

1982 жылдан бастап К.Балабеков,

1990 -2004 жыл аралығында А.М.Мұсағалиев басқарды.

2004-2011 жылға  дейін мектепті Сапарғалиева Шеризат Төлегенқызы басқарды.

Мектептің алғашқы мұғалімдері Айтқожа Жапсарбаев, Уәзипа Байтасымбетова, Хамила Самиева,  Жанса Шорабаева, Ұлтай Нұрақова, Қали Қойшыбаев. Көптің алғысына бөленіп ұзақ жылдар мектепте еңбек еткен еңбектерінің зейнетін көріп жатқан ұстаздарымыз Сатаева Тыныштық, Макашева Бақытжамал,Саяқова Анар, Аубакирова Дәмеш, Қалиева Ботагөз, Маймасарова Бисара, Халықова Әнтай,Сыдықова Назгүл, Бексейітова Жақсыгүл,Жармұханбетова Мейіз Ахметқызы, Дауренбеков Жабықбайлар мақтанышымыз.    

2011 жылдан бері қазіргі уақытқа дейін Садырбаева Гүлмира Айтбайқызы басқарып келеді.Социалистік Еңбек Ері атанған  еңбегімен ер атанған  Злиха Тамшыбай  атындағы орта мектеп  Көксу ауданындағы  алдыңғы қатардағы мектептердің бірі  Қазіргі таңда мектепте 40 мұғалім қызмет етеді. Оның                         36 жоғары білімді, 4 арнаулы орта білімді. Соның ішінде  жоғары санатта - 5, бірінші санат-11, екінші санат -19,  Санаты жоқ -5 мұғалім қызмет етеді.  Қазақстан Республикасы педагог кадрларының біліктілігін  арттырудың деңгейлі  бағдарламалары негізінде  Кембридж тәсілінің  модулі   бойынша біліктілігін  арттыру курстарынан өткен  мұғалімдер  жаңа технология бойынша  білім сапасының артуына өз үлестерін қосуда . Мектеп ұжымы  болашаққа сапалы білім беруде  әрбір жеке тұлғаның қабілетінің жан –жақты  ашылуына ,шығармашылық қабілеттерін  арттыруға  және іскерлігі  мен дағдыларын қалыптастыруға қолайлы  жағдай жасау мақсатында  жұмыс жүргізуде .

Мектебіміздің жетістіктерін  атап айтсақ:

Алматы облысының білім беру басқармасы әдістемелік кабинетінің «Білім беруді модернизациялау тақырыбында  тәжірибе таратқаны үшін» директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Г.Бабатаева сертификатқа ие болып ,аудан әкімінің Алғыс хатымен, 

«Жыр алыбы -Жамбыл» атты республикалық жас ақындар айтысына 10-сынып оқушысын Есенбаев Ержанды дайындап жүлделі орынға ие болғаны үшін қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі М.Дулатбаева «Облыстық білім басқармасының Құрмет грамотасымен марапатталды». Аудандық үздік психолог байқауында Ж.Карибаева 2015 жылы ІІІ-орынды алса, 2018 жылы І орынды иеленді .2015 жылы Б. Темірбекова аудандық «Үздік информатика пәнінің мұғалімі» атты байқауда ІІ орынды иеленіп ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды, «Жыл мұғалімі 2016» байқауында география пәні мұғалімі 

Г. Бабатаева ауданда І-орынды иеленіп, облыста «Шығармашыл ұстаз» номинациясына ие болды.

 Мектеп оқушылары облыстық ғылыми  жоба жарысында орыс тілі  пәнінен Серғазы Арайлым  жүлделі ІІІ орын, география пәнінен 10 сынып  оқушысы       Нұржігіт Наргиз ІІІ орынды  жетекшісі Г.Бабатаева ,химия пәнінен Арғынбай Гүлназ ІІІ орын  жетекшісі Г.Алимбаева ,қазақ  тілі мен әдебиет пәндері бойынша  8 сынып оқушысы  Нұржігіт Азиз ІІІ орын  жетекшісі Г.Тоқан .2016жылы «Зерде »Республикалық Ғылыми Жоба  байқауында қазақ тілі мен әдебиет  пәні бойынша  5 сынып оқушысы  Манат Әйгерім І орын  жетекшісі А.Тоқтар . «Ең үздік ауыл оқушысы » номинациясын ХІ  Республикалық конкруста 5 сынып оқушысы  Манат Әйгерім иеленсе ,орыс тілі пәнінен аудандық «Ой сана»байқауында   бас жүлдені  Мыкышева Диана иеленді жетекшісі Р.Чалбаева. Аудандық «Жарқын болашақ» олимпиадасында Ахметова Ажар,  «Абай оқулары» Күнбол   Өрен бас жүлде иеленді  жетекшісі М.Дулатбаева . Аудандық олимпиадада математика пәнінен  Серікжан Дарын  ІІ орын,Сәрсенбек Ұлпан І орын жетекшісі С.Қасымбаева,ІІ орын Асқарбек Ләззат,ІІ орын Нұрбек Ғайса, ІІ орын Шерба Аян, ІІІ орын  Исенбек Жақсылық жетекшісі А.Қадырқұлова,  Республикалық қашықтық олимпиадасында бастауыш сынып оқушысы   Баттал Меруерт І орын  жетекшісі А.Смаханова , географиядан Баттал Гулназ   І орын жетекшісі Г.Бабатаева  ,орыс тілінен  Мыкышева Диана  І орын жетекшісі Р.Чалбаева, Информатика пәнінен Ахан Жанерке ІІІ орынды   жетекшісі Б.Темірбекова,  ағылшын пәнінен Д.Сазанбаев ІІ орын жетекшісі Г.Байбаракова, 

А. Сыдықбаева  ІІІ  орын жетекшісі Е.Үмбетов.

 Мектеп «ЖасҰлан - 2017» әскери спорттық ойынында  бас жүлде, ЖасҰлан – 2018» әскери спорттық ойынында ІІ орын  «Қауіпсіз дөңгелек - 2018» слетында                    3 орын жеңімпазы, Облыстық, аудандық спорт жарыстарында олимпиадаларда жүлделі орындарға ие болып жүр. 

  Мектебімізден түлеп ұшқан түлектер Қаңлыбаев Айдос, Жұмабаева Динара бірнеше мәрте Азия ойындарының жеңімпаздары .  Сонымен қатар мектепте үйірме жұмыстары жүргізілуде. Атап айтсақ спорт, домбыра, би үйірмелеріне мектебіміздің оқушылары қатысады. 

   Бүгінгі күнде мектепте 302 оқушы білім алуда. Соның ішінде үздіктер-59, екпінділер-125 бала, білім сапасы 61  пайыз. Мектепте 26 пән кабинеті, спорт зал, мәжіліс залы, шеберхана,физика, химия, мультимедия, биология  заман талабына сай жаңа модификациялық кабинеттері,асхана, кітапхана, стоматологиялық кабинет, шағын орталық жұмыс істейді.Шағын орталықта 20 бала қамтылған   балаларға толық жағдай жасалған.  

  Осындай жетістіктер мен толағай табыстардың арқасында мектебіміз 2013жылы ҰБТ-да жоғарғы көрсеткіштерге ие болғаны үшін мектеп директоры Г.Садырбаева аудан әкімінің Алғыс хатымен, 2014 жылы облыстық тілдерді дамыту басқармасының Алғыс хатымен, 2015 жылы аудандық білім басқармасының Құрмет грамотасымен, «Ата-баба дәстүрі ұрпаққа аманат»  байқауында облыстық ардагерлер ұйымының Құрмет грамотасымен,2018 жылы аудан әкімінің  Алғыс хатымен марапатталды.     2011 жылы орыс тілі пәнінің мұғалімі Р.Чалбаева облыстық білім басқармасының Құрмет грамотасымен, 2017жылы директордың тәрбие-ісі жөніндегі орынбасары Б.Темірбекова облыстық білім басқармасының Құрмет грамотасымен,2018 жылы Ш.Сейтқожаева  облыстық кәсіподақ ұйымының Құрмет грамотасымен,2018 жылы  ағылшын пәнінің мұғалімі  Е.Үмбетов аудандық   білім бөлімінің Алғыс хатымен марапатталды.

2017 жылдың қыркүйек айынан мектеп «Мектеп жанында шағын орталығы бар Злиха Тамшыбай атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі болып ауыстырылды.     

Ия, «Алмақтың да салмағы бар» демекші бұның бәрі бірақ күнде өзінен-өзі келмеген жеңіс екені белгілі. Ендеше осындай жоғарыда келтірілген жетістіктер сапалы да салмақты жұмыстың нәтижесі. 

Сондықтан да Злиха Тамшыбай жанында  шағын орталығы бар орта мектеп ұжымының алар асуы әлі алда.















Мектеп ұжымы







Шағын орталық




Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив