Амангелді атындағы мектепке дейінгі шағын орталығы бар орта мектепті бітірген түлектерден шыққан ғалымдар » Жетісу облысы,Көксу ауданы,"Мектеп жанындағы шағын орталығы бар Злиха Тамшыбай атындағы орта мектебі"коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
Жетісу облысы Білім басқармасының Көксу ауданы бойынша білім бөлімі
"Мектеп жанындағы шағын орталығы бар Злиха Тамшыбай атындағы орта мектебі"КММ
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72774) 8-38-26-4-29
Есепші бөлімі:
+7(72774) 26-4-29
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Амангелді атындағы мектепке дейінгі шағын орталығы бар орта мектепті бітірген түлектерден шыққан ғалымдар
15
май
2017

Амангелді атындағы мектепке дейінгі шағын орталығы бар орта мектепті бітірген түлектерден шыққан ғалымдар

Амангелді атындағы мектепке дейінгі шағын орталығы бар орта мектепті бітірген   түлектерден шыққан ғалымдар 

 <!-- [if gte vml 1]> <!-- [if !vml] --> <!-- [endif] --> Ынтық Шаяхметова – химия, биология ғылымдарының кандидаты.1949 жылы 3қыркүйекте Молдабергенов Шаяхмет  жанұясында дүниеге келген. . Амангелді орта мектебін 1969 жылы бітірген.1974 жылы КазГУ-дің биология факультетін бітіргеннен кейін Амангелді атындағы мектептің биология және химия пәнінің мұғалімі болып жұмыс жасады.Ғылыми қызыметін Қаз ССР Ғ.А Ботаника институтында 1975-2011 жылға дейін жұмыс істей жүріп Москва қаласындағы СССР ғылым академиясының өсімдіктер физиология институтының аспирантурасын оқыды.1987 жылы Москвада кандидаттық дисертациясын табысты қорғады. 1993-1996 жылдар аралығында Машов степендиясының жоғарғы квалификация курысын және қолданбалы зерттеу институтымен бірге, одан кейін 1996-2001 жылдары  Израильдің Бен-Гурионовский университетінде зерттеу өткізді. 1998 жылы АҚШ –тың Солтүстік Дакота штатының «Фулбрайта» атындағы универститетінде степендиат ретінде 1 жыл жұмыс жасады.Ынтық Шаяхметқызының қырық бестен астам ғылыми жұмысы жарияланды, мектепке арналған биология және студентерге өсімдіктер физиологиясы оқулық  құралдарын шығарылды.Ұстаздық қызметін Алматы қаласының Халықаралық мектебінде ағылшын тілінде  (биология,физика, химия пәндері) ғылыми мұғалім болып жұмыс жасады. Қазіргі таңда АТУ –дің «тамақ биотехналогия» кафедрасында  қазақ,орыс, ағылщын тілдерінде биология пәнінің дербес мұғалімі болып жұмыс жасайды. 

 

 <!-- [if gte vml 1]> <!-- [if !vml] --> <!-- [endif] --> Сағира Абдрахманова Тоқсанбайқызы –1956 жылы 9 қыркүйекте Гвардия ауданының Шанханай ауылында дүниеге келді. 1973 жылы Амангелді атындағы орта мектепті өте жақсы бағамен тәмәмдәді. Сол жылы Алматы мемлекеттік медицина институтының педиатриялық факультетіне түсті. 1982 жылы Қазақ Ғылыми Зерттеу Институтының  диогностика функционалды лабораториясында балалар дәрігері, сосын кіші ғылыми қызметкер болып жұмыс жасады.1990 жылы кандидаттық диссертациясын қорғады.1991 – 1994 осы институттың аға ғылыми қызметін атқарды.1994 – 2000 жылдары жекешелендірілген әртүрлі медицина мекемелерінде жұмыс жасады.2000 – 2003 жылы КР Денсаулық сақтау Министрлігінің Астана қаласындағы Ғылыми орталық филиалының педиатрия және балалар хирургиясының ғылыми қызметкері болып жұмыс жасады.2007 жылы Докторлық диссертациясын қорғады. 2007 жылдың қыркүйек айынан «Астана» Медициналық Университетінде жұмыс жасайды, осы университеттің кафедра профессоры, содан кейін 2008 жылдан №2 балалар ауыруының кафедра меңгерушісі болып істеді. 2009 – 2011жылы «Ана мен бала» ғылыми орталығының  докторлық диссертация қорғау Ғылыми кеңесі төрағасының орынбасары болып тағайындалды. 2010 – 2012 жылдары КР Денсаулық сақтау Министрлігінің штаттан тыс балалар бас дәрігері болып тағайындалды. Астана қаласының «Балалар дәрігерлерінің қауымдастығы» қоғамдық ұйымын басқарады. 200 ден астам ғылыми жазбалары бар. Солтүстік Қазақстан балаларының «Жүрек – қан тамыр жүйесінің ерекшелері» монографиясын жазып шығарды. Тұрмыста. Жолдасы Абдрахманов Серік белгілі саясаткер, қоғам қайраткері. 

 

 <!-- [if gte vml 1]> <!-- [if !vml] --> <!-- [endif] -->  Шамшидинова Күләш Ноғатайқызы – 1958 жылы 4 наурызда Бесқайнар ауылында дүниеге келген. ҚҰ- Әл – Фараби атындағы университетінің химия факультетінің түлегі. Еңбек жолын 1979 жылы Амангелді атындағы орта мектепте химия пәнінің мұғалімі болып бастаған. 1981 – 1986 жылдар аралығында комсомолдық қызметте болды. 1986 -1991жылдары Талдықорған облыстық партия комитетінде нұсқаушы, Талдықорған қалалық партия комитетінің хатшысы, 1991 – 1992 жылдары Талдықорған облыстық мұғалімдердің білімін жетілдіру институтында директордың орынбасары. 1992 – 1996 жылдары  Талдықорған қаласы №18 Б.Жолбарыс  атындағы мектеп директоры, 1996 – 2002 жылдары Талдықорған қаласының әкімінің орынбасары, 2002 жылдың ақпан айынан ҚР Білім және ғылым Министрлігінде вице – министр, 2005 – 2007 жылдары «Бөбек» РМКК Ұлттық ғылыми практикалық білім және сауықтыру орталығының  Бас директоры,  2007 -2009 жылдары ҚР Білім және ғылым Министрлігінде  вице – министр, 2009 жылдың қазан айынан «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының Басқарма Төрайымы. Күләш Шәмшидинова «Құрмет» ордені мен тағы басқа республикалық, халықаралық дәрежедегі марапаттарға ие. 

 

 

 

Амангелді атындағы мектепке дейінгі шағын орталығы бар орта мектепті бітірген   түлектерден шыққан атақты спортшылары 

 

     Асқар Қожабергенов – Қазақстан құрама командасының ең бірінші капитаны, Астанадағы  «Ертіс» футбол командасының жаттықтырушысы, «Жетісу» футбол клубының директоры, жаттықтырушысы, Қазақстанға еңбек  сіңірген спорт шебері. 

    Нұрлан Қожабергенов – ҚР спорт шебері, ҚР біріншілігінде 1996 -2010 

ж.ж.төрешілік етті, « Жетісу» жасөспірімдер футбол  клубының жаттықтырушысы. 

 

 <!-- [if gte vml 1]> <!-- [if !vml] --> <!-- [endif] --> Қаңлыбаев Айдос –Дзюдо, қазақша күрес түрлеріне халықаралық дәрежедегі спорт шебері.Қазақстан біріншілігінің 12 дүркін,Азия чемпионатының 3 дүркін жеңімпазы.Халықаралық «Көксу бөрісінің 3 дүркін», 2 дүркін «Жетісу бөрісі атанған». 

 <!-- [if gte vml 1]> <!-- [if !vml] --> <!-- [endif] --> Сағира Асанова-Қазақстан Республикасының спорт шебері, республикалық біріншіліктің жүлдегері, халықаралық жарыстардың жеңімпазы. 

 <!-- [if gte vml 1]> <!-- [if !vml] --> <!-- [endif] --> Айжан Өксікбаева - Қазақстан Республикасының спорт шебері,республикалық біріншіліктің күміс жүлдегері, Азия біріншілігінің екі дүркін қола жүлдегері,дүниежүзілік біріншіліктің жүлдегері. 

 <!-- [if gte vml 1]> <!-- [if !vml] --> <!-- [endif] --> Динара Жұмабаева – 2007 жылы Қазақстан чемпионатында 1-ші орын, Дзюдодан спорт шеберлігін орындады, чемпионат Азия Худеравад, Индия қаласында – 2 ші орын, Евразия ойындарында (Беларусь, Брест) 2 ші орын, 2009 жылы Самбодан чемпионат Қазақстан – 1ші орын, Спорт шеберлігін орындады, 2013 жылы ересектер арасында Азия чемпионатында- 1 ші орын (Кореа), осы жарыста халықаралық дәрежедегі спорт шеберлігін орындады.  

 <!-- [if gte vml 1]> <!-- [if !vml] --> <!-- [endif] -->  Сергей Торопкин - Қазақстан Республикасының шеберіне үміткер,республика чемпионатының күміс жүлдегері, самбо мен дзю-дан өткен халықаралық жарыстың чемпионы. 

 

 <!-- [if gte vml 1]> <!-- [if !vml] --> <!-- [endif] -->  Бейқұт Ұзақбаев - Қазақстан Республикасының чемпионы,Қазақстан Республикасының спорт шебері (самбо, дзюдо),Республика және халықаралық жарыстардың бірнеше дүркін жеңімпазы. 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Амангелді атындағы мектепке дейінгі шағын орталығы бар орта мектепті бітірген   түлектерден шыққан Ауған соғысы ардагерлері 

  <!-- [if gte vml 1]> <!-- [if !vml] --> <!-- [endif] -->   Жанат Есмұратов Ақжанұлы – Амангелді ауылында 1963 жылы дүниеге келген. Жанат Амангелді орта мектебін 1980 жылы өте жақсы деген бағамен бітіріп, сол жылы азаматтық борышын өтеуге армия қатарына алынды. Әскери борышын өтеуге Ауғаныстан елінде Жалалабад қаласына барып түсті.1980 жылы Ауған соғысында жас жауынгер Жанат ерлікпен қаза тапты. 

 <!-- [if gte vml 1]> <!-- [if !vml] --> <!-- [endif] -->   Несіпбаев Нүрәділ Несіпбайұлы – 1944 жылы 2 шілдеде Амангелді ауылында дүниеге келген. . Амангелді орта мектебін  бітірген. 

 <!-- [if gte vml 1]> <!-- [if !vml] --> <!-- [endif] --> Сәрсенбинов Бейбіт Жақыпбекұлы-1963 жылы 1 қаңтарда Еңбекші ауылында дүниеге келген. Амангелді орта мектебін 1981 жылы бітірген.1981 жылы Армия қатарына шақырылды. Ауған жерінің Құндыз қаласында 89869 әскери бөлімінде барлаушы ротасында әскерлік қызмет атқарды.           

 <!-- [if gte vml 1]> <!-- [if !vml] --> <!-- [endif] -->     Тесебаев Қанат Досбайұлы – 1961 жылы 12 наурызда дүниеге келді. Амангелді орта мектебін 1981 жылы бітірген.1979 жылы Ауғанстанда әскери борышын атқарып, 1987 жылы Чернобыль Атом станциясындағы опатта көмек көрсеткен. 

 <!-- [if gte vml 1]> <!-- [if !vml] --> <!-- [endif] -->    Утеев Равиль – 1959 жылы Семей облысының Үржар кентінде дүниеге келген. . Амангелді орта мектебін бітірген. 1979 – 1981жылдары Ауған жерінің Скажин, Құндыз, Таскурган, Файзыбет қалалары мен ауылдарында әскери қызмет атқарды.  

 <!-- [if gte vml 1]> <!-- [if !vml] --> <!-- [endif] -->  Ташкенбаев Талғат Мұхаметжанұлы – 1962 жылы 16 мамырда Бесқайнар ауылында дүниеге келді. . Амангелді орта мектебін 1981 жылы бітірген. 1981 жылы әскер қатарына алынды. 1981 жылдың 15 маусымында Кабулда әскери борышын өтеді. 

 <!-- [if gte vml 1]> <!-- [if !vml] --> <!-- [endif] -->   Алимбаев Азат Қойшыманұлы – 1968 жылдың 25 наурызында Амангелді ауылында дүниеге келген.  Амангелді орта мектебін 1984 жылы бітірген.1986 жылы әскер қатарына шақырылып, Ауғанстанның Багром қаласына жіберілді. 

 <!-- [if gte vml 1]> <!-- [if !vml] --> <!-- [endif] -->   Несіпбаев Берік Нүрәділұлы – 1968 жылы 5 декабрде Амангелді ауылында дүниеге келген. . Амангелді орта мектебін 1984 жылы бітірген.1987 -1989 жылдары Ауғанстанның Баграм қаласында әскери борышын атқарды.  

 

  

Похожие публикации:

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Boeczilia
27 мая 2020 22:56
Зачетный вариант Только я поступил бы именно так: клац
Walervap
22 августа 2020 01:41
Отлично. . Зато нам гораздо больше нравится решение этого сайта. Наверно это более продвинутая идея