«Оқуға құштар мектеп» жобасы » Жетісу облысы,Көксу ауданы,"Мектеп жанындағы шағын орталығы бар Злиха Тамшыбай атындағы орта мектебі"коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
Жетісу облысы Білім басқармасының Көксу ауданы бойынша білім бөлімі
"Мектеп жанындағы шағын орталығы бар Злиха Тамшыбай атындағы орта мектебі"КММ
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72774) 8-38-26-4-29
Есепші бөлімі:
+7(72774) 26-4-29
Нашар көрушілер
нұсқасы
03
апрель
2023

«Оқуға құштар мектеп» жобасы

«Оқуға құштар мектеп – оқуға құштар ұлт» 

Іс-шарасының жұмыс жоспары:

Сыныбы: 6 "ә"

Сынып жетекшісі: Қашқынбай Таңшолпан 

2022-2023

Іс-шараның мақсаты:оқушылар арасында кітап оқу мәдениетін қалыптастыру, балалардың кітапқа деген ынтызарлығын ояту, классик жазушылардың, балалар жазушыларының шығармаларын көпшілікке насихаттау. 


Өтілетін орны: мектеп кітапханасы 


Оқу-біздің балаларымыздың білімін, тәрбиесін және мәдениетін арттырудың маңызды факторы. Біріміз кітапты ой-өрісті кеңейту үшін оқысақ, біріміз – жұмыс барысында ақпарат іздеп оқимыз. Арамызда кітап оқып, демалатындар да бар. Қандай себеп болмасын, оқу сауаттылығы дағдыларын дамыту маңызды. Оқу ой-өрістің кеңеюіне, жан-жақты дамуға, ойлау қабілетін жетілдіруге, шығармалардағы кейіпкерлердің мінез-құлқындағы жағымды тұстарын бойға сіңіруге көмектеседі, жалпы адамды тәрбиелейді және рухани байытады. Кітап оқуға бала кезден баулу керек. Адамның әдебиетке деген махаббаты сол балалық шақтан пайда болады. 


Р/с

Тақырыбы

Формасы

Мерзімі

1

«Қазақ хрестоматиясы» кітабын таныстыру

Әңгімелесу

Қараша

2

Қарабатыр ертегісі

Рөлдік ойын

Желтоқсан

3

Ыбырай Алтынсариннің өлеңдері 

Поэзия минуты

Қаңтар

4

Ыбырай Алтынсариннің мысал әңгімелері

Қолғап театры

Ақпан

5

Ыбырай Алтынсариннің мақал-мәтелдері, нақыл сөздері, жұмбақтары

Топтық сайыс

Наурыз

6

Көлемді шығармаларын талдау 

«ТӨДК» «7 нота» әдістері арқылы талдау

Сәуір

7

Қорытындылау 

Сынып сағаты

Мамыр



Мерзімі 

Қараша

Тақырыбы 

«Қазақ хрестоматиясы» кітабын таныстыру, Ыбырай Алтынсариннің өмірі және шығармашылығымен таныстыру. 

Мақсаты 

Қазақ балалар әдебиетінің атасы, қазақ балаларына арнап алғаш мектеп ашқан ұлы ағартушының өмірімен, шығармашылығымен таныстыру. 

Формасы 

Әңгімелесу, пікірлесу. 

Өтетін орны 

Кітапхана коверкинг орталығы 


Іс-шара барысында жазушының «Қазақ хрестоматиясы» кітабы таныстырылды. Тақырып мазмұнын ашатын суреттер, презентациялық слайд, бейнематериалдар қолданылып, «Деректер сөйлейді» әдісі бойынша ақынның өміріне хронологиялық талдау жасалып, оқушыларға кеңінен түсіндірілді. Оқушылар кітаппен таныса отырып, өздеріне таныс, жаттап алған өлеңдерінен шумақтар айтты. 

«Ы. Алтынсарин қазақ арасынан шыққан тұңғыш кемеңгер адам еді. Ол қараңғы, көшпелі өз халқының ішіне еуропалық мәдениеттің жарық сәулесін таратты» - деп жазды орыс достары. Ы. Алтынсарин – балалар әдебиетінің атасы. Бүкіл өмірін қазақ балаларын оқытуға арнаған. Сол мақсатпен алғаш рет балаларға арнап мектеп ашып, оқулық жазған. Ағартушы оқулықты жазудағы мақсатын хрестоматияның алғы сөзінде: «Бұл кітапты құрастырғанда мен, біріншіден, осы біздің ана тілімізде тұңғыш рет шыққалы отырған жалғыз кітаптың орыс - қазақ мектептерінде тәрбиеленіп жүрген қазақ балаларына оқу кітабы бола алу жағын, сонымен қабат, жалпы халықтың оқуына жарайтын кітап бола алу жағын көздедім...» деп тұжырымдаған. Өйткені хрестоматияға Ыбырай өзінің педагогтық мақсатына лайықтай жазған тәрбиелік мәні жоғары көптеген шағын әңгімелерін, өлеңдері мен ауыз әдебиеті үлгілерін, сондай – ақ, орыс педагогтері мен айтулы орыс қаламгерлерінен аударған шығармаларды енгізген болатын. Бұл шығармалардың тақырыптық – идеялық мазмұнынан біз Ыбырайды ұстаз - тәрбиеші ретінде алдына мақсат етіп қойған адамгершілік мәселелерін көреміз.Ы. Алтынсарин туған әдебиетіміздің тарихынан көрнекті прозашы ретінде де ерекше орын алады.Еңбекті сүю, қадірлеу – Ыбырай әңгімелеріндегі негізгі тақырыптардың бірі. Мұнда Отанын қадірлеуге, сондай - ақ талапты, жігерлі, кішіпейіл болуға тәрбиелейді.
 Жалқаулық, надандық, зұлымдық, тәкаппарлық секілді жаман әдеттерден аулақ болуға үндейді.

«Деректер сөйлейді»


1841ж

Ыбырайдың туған жылы. Қостанай обл. Затобол ауданында туды

1850ж

Орынборда ашылған қазақ - орыс мектебіне түседі

1857ж

Мектепті үздік бітіріп шыққан жылы

1859ж

Орынбордағы шекаралық комиссияға тілмаш болып орналасқан жылы

1860ж

Орал сыртындағы қазақтарға арналып 4 сыныптық бастауыш мектепашу туралы шыққанда (Тройцк, Торғай, Ырғыз, Қазалы) өзі сұранып, Торғай мектебіне мұғалім болады

1864ж

Мектептің қаңтар айында ашылған жылы

1876ж

Петербург, Қазан қалаларына барған жылы

1876ж

Н. Н. Ильминскийге жазған хатында «Татар тілінде жазылған кітаптардан құтылу үшін, қазақ тілінде оқуға арналған бастауыш кітабымды кеше ғана бастадым,» - деп жазған жылы

1889ж

қайтыс болған жылы

1876ж

«Қазақ хрестоматиясын» жазуға кіріскен жылы

1879ж

Орынборда хрестоматияның басылған жылы

1881ж

Орскіде тұңғыш мұғалімдер мектебі ашылды

1883ж

Торғайда қолөнер мектебі ашылды

1887ж

Ырғызда қыздар мектебін ұйымдастырды

1889ж

Қайтыс болған жылы








Мерзімі 

Желтоқсан 

Тақырыбы 

Қарабатыр ертегісі 

Мақсаты 

Ертегіні оқу, мазмұнын түсіну, кейіпкерлерді сипаттау. Ертегінің негізгі идеясын анықтау. Ертегі арқылы ой-өрісін,тіл байлығын дамыту.

Формасы 

Рөлдік ойын 

Өтетін орны 

Кітапхана коверкинг орталығы 


Айналаңа қамқор болып, жамандыққа жоламай, жақсылыққа жолдас бол! Өйткені, жасаған жақсылық зая кетпейтін іс. Бұл ертегінің негізгі идеясы. Ертегінің мазмұны оқушыларға қатты ұнады. Себебі, кіші жастағы оқушылар қиял-ғажайып ертегісін   ұнатады.  Оқушылар ұжым болып ертегінің мазмұнымен танысты.  Ертегідегі кейіпкерлерді бөліп алып, әрқайсысы өз рөлінде шынайы, қызықты ойнауға тырысты. 


Ертегі- халық ауыз әдебиеті үлгілеріне жататынең көне жанр. Өмірде сирек кездесетін немесе мүлде кездеспейтін, ойданшығарылатын оқиғалар. 


                      Шыншыл ертегілер                қиял-ғажайып ертегілер

                                                 Ертегі түрлері 

                                     Хайуанаттар жайлы ертегілер                                     


  Халық ауыз әдебиет үлгілерінің ішінен белгілеу Топтастыру. Өз ойларын түйіндеу.                     Батырлар жыры               тұрмыс-салт жырлар

                        Ертегі       аңыз     мақал- мәтел     төрт түлік жырлары        айтыс                      

             жаңылтпаш                Халық ауыз әдебиет үлгілері           жұмбақ

                              шешендік сөздер            бата-тілек             өтірік өлеңдер


Іс-шара барысында оқушылар қойылым қойды және шығарманы композициялық құрылымы бойынша талдады. Бұл шығарманы тереңірек тануға мүмкіндік берді. 

Шығарманың композициялық құрылысы

Басталуы

Қарабатырды ұрлап,қой бақтыру

Байланыс

Құстар мен Қарабатырдың диалогі

Дамуы

Қарлығаштың Қарабатырдың әке – шешесін іздеуі

Шарықтау шегі

Мұратына жетуі

Шешімі

Үйіне оралуы






Мерзімі 

Қаңтар 

Тақырыбы 

Ыбырай Алтынсариннің өлеңдері 

Мақсаты 

Ақынның өлеңдеріне талдау жасау арқылы өнер білімнің, еңбектің пайдасын, табиғат лирикасындағы өлеңдерді оқу арқылы табиғатты сүюге қалыптастыру. 

Формасы 

Поязия минуты

Өтетін орны 

Кітапхана коверкинг орталығы


Бір кұдайға сыйынып,

Кел, балалар окылық,

Оқығанда көңілге

Ықылас пен тоқылық- деген

небәрі төрт жолдан ғана тұратын осы өлең шумағын бүкіл қазақ даласында білмейтін адам кемде - кем десек, қателеспеген болар едік. Өйткені, бұл өлең жүз жылдан астам уақыт Қазақстанның оқулық кітаптарына еніп, мектеп табалдырығынан аттаған әрбір баланың алғашқы әліппесі болып келеді. Сондықтан да ол, өлең жолдары әрбір қара таныған казақтың көкірегінде сакталып, жүрегінде жатталып келеді. 

Өлеңнің әр шумағында оқудың әр жақты пайдасын айта отырып, ақын соңғы жолдарды ылғи қайталап отырады.

Мал, дәулеттің байлығы-

Бір жұтасаң, жоқ болар.

Оқымыстының байлығы –

Күннен күнге көп болар,

Еш жұтамақ жоқ болар. 

Сөйтіп, ақын, бір жағынан, жастарды оқуға, білім алуға үндесе, екінші жағынан, оқу, өнер ғылым-білімге, оның жалпы халық үшін керегіне еш мән бермейтін ескі көзқарасқа соққы береді. 

«Өнер – білім бар жұрттар» атты өлеңінде оқу, білім алудың мақсатын кеңінен сөз етеді. Өлеңнің негізгі идеясы – қазақ қауымына озық мәдениетті елдерді үлгі етіп көрсету. Ыбырайдың «Өзен», «Жаз» деген өлеңдері табиғат көріністерін суреттеуге арналған. Оқырмандардың көңілін табиғаттың сұлу көріністеріне аудару арқылы ел сүю, жер сүю. 

Өлеңдерді оқушылар жатқа айтты және өзіне ұнаған өлең шумағына суреттер салды. «Кір қыстырғыш» әдісі арқылы өлеңмен суреттің мазмұнын, байланысына талдау жүргізді. 








Мерзімі 

Ақпан 

Тақырыбы 

Ыбырай Алтынсариннің мысал әңгімелері 

Мақсаты 

Шағын мысал әңгімелерін оқытып, талдау арқылы еңбексүйгіштікке, ұлтжандылыққа, өнер білімге құштар болуға қалыптастыру. 

Формасы 

Қолғап театры

Өтетін орны 

Кітапхана коверкинг орталығы



Ыбырай шығармаларының басты тақырыбы –еңбек. Ол еңбек адамның өмірі үшін ерекше маңызды рөл атқарады, еңбексіз өнер де, білім де қолға келмейді деп еңбекті бірінші орынға қойып, тәрбие негізі адал еңбекте деп тұжырым жасайды. Оның бұл тақырыпта жазған көптеген әңгімелері бар.Мысалы «Өрмекші, құмырсқа, қарлығаш»,«Бай баласы мен жарлы баласы»«Қыпшақ Сейтқұл» т.б. Жазушының бір топ әңгімелері адамгершілік тәрбие мәселесіне жазылған. Адамзат баласы шыр етіп жерге түскеннен бастап ата-ананың аялы алақаны мен ыстық ықыласына бөленіп өсетіні белгілі. Ата-ана баласына небір асыл қасиеттерді үйретіп, жақсы азамат болуын тілейді және үміттенеді. Бұл тақырыпта да жазған Ыбырай  шығармалары бар. Мысалы «Асыл шөп», «Бақша ағаштары», «Таза бұлақ» т.б. Әр әңгімесінде тәрбиенің ізі жатыр. Оны түсініп оқыған адам ғана ұлы ұстаздың шебер тәрбиеші екеніне көзі жетеді. Әңгіме –оқиғаны баяндауға негізделген қара сөзбен жазылған көркем шығарма. Әңгімеде бас-аяғы жинақы, тиянақты бір оқиға айтылады.Ыбырай шығармалары қысқа мазмұнды, балалардың түсінуіне жеңіл. Аз сөзге көп мағына сыйғызу, мақал-мәтел мен афоризмдерді орынды қолдану, әр әңгіменің тағылымдық мәніне ерекше көңіл аудару Ыбырай шығармаларының өзіндік ерекшеліктері. Шығармалары мазмұны жағынан да, түрі жағынан да балалар әдебиетіне қойылатын талаптарға сай келеді. Жазушының шағын шығармаларынан балалар, қолғап театры арқылы сахналық образда қойылымдар қойды. өз рөлдеріндегі кейіпкерлерді нақышына келтіріп ойнауға тырысты. Балалар өте белсенділікпен, қызығушылықпен қатысты. «РАФТ» әдісі арқылы аудиторияға өз кейіпкерлері туралы таныстыру жұмыстарын жүргізді. 









Мерзімі 

Наурыз 

Тақырыбы 

Ыбырай Алтынсариннің мақал-мәтелдері, нақыл сөздері, жұмбақтары.  

Мақсаты 

Жазушының түрлі тәрбиелік мақсатта жазылған қанатты сөздері мен мақал – мәтелдерін оқып танысу арқылы адамгершілікке, оқу білімге дағдыландыру. 

Формасы 

Топтық сайыс 

Өтетін орны 

Кітапхана коверкинг орталығы


Жазушының мақал-мәтелдерінің мағынасы терең, сөзі ықшам да көркем, есте сақтауға икемді де жеңіл болғандықтан және бала тәрбиелеу ісінде ерекше рөл атқаратындықтан балалар әдебиетінен үлкен орын алады. Мақалдар мен нақыл сөздер балаларға терең ой салумен қатар, оларды көркем сөйлеуге жаттықтырады, сөз байлығын, сөздік қорын байыта түседі. Оқушылар 4 топқа бөлініп жұмыс жасады. Ақынның мақалдарының бастапқы жолы беріліп, әрі қарай оқушылар жалғасын тапты. Тірек сөздер беріліп, оқушылар сол тірек сөздерді қолданып, мақалдар құрастырды. «Фантазия картасы» әдісі арқылы топқа берілген суреттер арқылы  оқушылар өз ойларымен суреттерді байланыстырып, шағын әңгіме құрастырды. Оқушыларға өтілген жұмыстарға өте белсенділікпен қатысты. 

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив