Ағылшын тілі пәнінің мұғаліміне конкурстың нәтижесі » Жетісу облысы,Көксу ауданы,"Мектеп жанындағы шағын орталығы бар Злиха Тамшыбай атындағы орта мектебі"Education Department of Kerbulak district.
Жетісу облысы Білім басқармасының Көксу ауданы бойынша білім бөлімі
"Мектеп жанындағы шағын орталығы бар Злиха Тамшыбай атындағы орта мектебі"КММ
Education Department of Kerbulak district
Reception room :
+7(72774) 8-38-26-4-29
bookkeeping:
+7(72774) 26-4-29
Version for
visually impaired
23
August
2022

Ағылшын тілі пәнінің мұғаліміне конкурстың нәтижесі

Педагог қызметіне қабылдауға комиссия отырысының
№___ ХАТТАМАСЫ
Күні: 23.08.2022 жыл
Қатысқандар:  
Комиссия төрағасы  Г.А.Садырбаева – мектеп директоры
Мүшелері: 
Г.Жексембекова- «Almaty region білім басқармасының Көксу ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бас маманы 
Д.Онбырбаева- «Almaty region білім басқармасының Көксу ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің әдістемелік
кабинетінің  меңгерушісі 
А.Смаханова- директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары
Б.Темірбекова –директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары
Ж.Абдибекова- ата-аналар комитетінің төрағасы
Хатшы: 
В.Еселбаева – кәсіподақ ұйымының төрағасы,
Күн тәртібінде:
  1. Педагог қызметіне қабылдау туралы. 
Тыңдалды: Күн тәртібіндегі мәселе бойынша сөз кезегін мектеп директоры Г.А.Садырбаева сөз алды. Өз сөзінде педагог қызметіне конкурс тамыз айының 5 жұлдызында мектеп сайтымен Аудандық білім бөліміне жарияланғанын атап өтті. Осы конкурсқа Алимбаева Динара Асқарқызы мен Телтай Жарқын Нұржанқызы  түсіп отырғанын және оның тапсырған іс – құжаттары бойынша толық мәліметті берді. 
Келесі сөзді «Almaty region білім басқармасының Көксу ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің әдістемелік кабинетінің   меңгерушісі Г.Жексембекова Алимбаева Динара Асқарқызы мен Телтай Жарқын Нұржанқызының жеке құжаттарын (портфолиосын) қарап, көріп шықты. Алимбаева Динара Асқарқызының еңбек өтілі 2011 жылдан басталғанын,  сертификат, мадақтамалары бар екенін анықтай отырып,   ІІ біліктілік санатының мерзімінің уақыты өтіп кетуі анықталды, педагог лауазымына кандидаттың бағалау парағымен танысты. Жалпы 11,5 балл құрағанын айтты. 
Телтай Жарқын Нұржанқызы  2022 жылдың 6 маусымында І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің шетел тілі: екі шетел тілі мамандығы бойынша бітірді. Жас маман Ұлттық біліктілік тестінен ағылшын тілі бойынша 44 балл, педагогика,  оқыту  әдістемесі бойынша 17 балл  жинап педагог санаты бойынша сертификаты бар. Жалпы 9,5  балл құрағанын айтты. 
Комиссия мүшелері бірінші кандидаттың жинаған баллы жоғары болғанына қарамастан біліктілік санатының болмауына байланысты конкурс талаптарына сай келмейтіндігін айтты. Сол себепті Телтай Жарқын Нұржанқызы конкурстың барлық талаптарына сәйкес жұмысқа қабылдауға ұсыныс білдірді. 
Отырыс кезінде директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары А.Б.Смахановада өз пікірін білдірді. Телтай Жарқын Нұржанқызы  педагог қызметіне жұмысқа қабылдауға болатынан пікір қосты. 
Шешім: Телтай Жарқын Нұржанқызы   ағылшын тілі пәнінің мұғалімі ретінде уақытша жұмысқа қабылдауға ұсынылсын. 
Комиссия төрағасы                            Г.А.Садырбаева
Хатшы                                       В.Еселбаева
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив